Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Ақпараттық қауіпсіздік жобаларын іске асыру басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) УПРПИБ-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

268344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Ақпаратты қорғау және қауіпсіздігі
  • Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру

Қосымша талаптар

математика және информатика

Функционалды міндеттер

Ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді қорғау салаларындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу. Жаһандық киберқауіпсіздік индексінде Қазақстанның рейтингін арттыру. Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын орындау. Еуразиялық экономикалық комиссия шеңберінде Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыстарға қатысу. Мемлекеттік техникалық қызмет сараптамалары негізінде инвестициялық ұсыныстарға және бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қорытынды беру. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды мемлекеттік техникалық қызмет сараптамалары негізінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке келісу. Басқарманың құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік жобаларға «Блокчейн» технологиясын енгізу бойынша жұмыстар жүргізу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыс жүргізу. Өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті, дербес деректерді және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне басшылық жасау. Басқарманың құзыреті шегінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу. Басқарманың құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіру. Басқарманың құзыреті шеңберінде мақсатты индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмыс жүргізу. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің Ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді қорғау мәселелері жөніндегі тапсырмаларын орындау. Басқармаларға жүктелген міндеттер шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді қорғау салаларындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Басқарманың құзыреті шегінде Ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді қорғау мәселелері бойынша анықтамалар, есептер, баяндамалар дайындау. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дербес деректерді және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді келісу бойынша бақылауды жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді қорғау мәселелері бойынша конференцияларға, форумдарға, брифингтерге және дөңгелек үстелдерге қатысу. Басқарманың құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді қорғау мәселелері бойынша жұмыс топтарын қалыптастыруға қатысу. Басқарманың құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді қорғау мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастыруға қатысу. Басқарма құзыреті шеңберінде Ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді және қамтамасыз етілген цифрлық активтерді қорғау жобаларын іске асыруға бақылауды жүзеге асыру және қатысу. Басқарманың құзыретіне жататын нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 09.11.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.11.2023 – 20.11.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156