Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Инновацияларды дамыту департаменті Талдау және мониторинг басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік) № 12-4-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Категория С-3

Орташа лауазымдық айлықақы

422437

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ғарыш техникасы және технологиялары
  • Наноматериалдар және нанотехнологиялар (сала бойынша)
  • Инновациялық менеджмент
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметін қамтамасыз ету және жалпы басшылықты жүзеге асыру. Басқарма құзыреті шегінде ҚР Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына ұсыныстар енгізу. Басқарманың құзыреті шегінде инновациялық және ғылыми-техникалық даму саласындағы нормативтік құқықтық актілерді дайындау және келісу бойынша жұмысты қамтамасыз ету. Салаларда іске асырылған ғылыми-техникалық жобаларға талдау жүргізу. Министрлік жетекшілік етеді. Қолданбалы зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың басым бағыттарын қалыптастыру және оларды реттелетін салаларда одан әрі коммерцияландыру. Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін бағалау. Департаменттің құзыреті шеңберінде заңнамалық актілердің жобаларын дайындау бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының, өзге де мемлекеттік органдардың жұмыс топтарының қызметіне қатысу. Басқарма құзыреті шеңберінде бюджеттік процесті жүзеге асыруға, оның ішінде тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарын, Министрліктің стратегиялық жоспарын және бюджеттік өтінімін қалыптастыруға қатысу. Басқарманың құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау бойынша жұмыстар жүргізу. Инновациялық және ғылыми-техникалық қызметті ынталандыру бойынша, оның ішінде қабылданатын шаралардың тиімділігі тұрғысынан талдау нәтижелері негізінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Басқарманың құзыреті шегінде жасалған халықаралық шарттар шеңберінде халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ шетелдік қарсы әріптестермен ынтымақтастық мәселелерін жүргізу. Инвестициялар тарту жүйесін және инновация және ғылыми-техникалық жобалар саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.10.2023 – 31.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156