Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қаржы және әкімшілік жұмысы департаменті Бюджеттік жоспарлау және бюджеттік бағдарламаларды мониторингілеу басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) № 10-2-5
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Министрлік бойынша бюджеттік өтінім құрамында тікелей көрсеткіштерді қабылдау бойынша жұмыс жүргізу. Бюджеттік және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламаларды жинақтауды және ұсынуды қамтамасыз ету. Министр бұйрықтарының жобаларын әзірлеу: Қазақстан Республикасы цифрлық даму инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бюджеттік бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) жоспарлауды және орындауды қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарламалардың басшыларын тиісті кезеңге бекіту туралы; Қазақстан Республикасы цифрлық даму инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тиісті кезеңге арналған зерттеулерінің, консалтингтік қызметтерінің және мемлекеттік тапсырмасының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы жарлық; Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Бюджеттік комиссиясын құру туралы жарлығы Қазақстан Республикасы аэроғарыш өнеркәсібі цифрлық даму, инновациялар министрлігінің бюджеттік рәсімдер, бюджеттің атқарылуы және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру регламенті; Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы жарлық. Бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу бойынша проблемалық мәселелерді уақтылы анықтау мақсатында Министрліктің бюджеттік бағдарламаларының орындалуына мониторинг жүргізу: қаржы жылының қорытындысы бойынша Орталық Аппараттың әрбір бюджеттік бағдарламасы (кіші бағдарламасы) бөлінісінде бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы жыл сайынғы талдамалық есепті жасауға қатысуға. - стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың орындалуын бюджеттік параметрлерге сәйкестігін қарастыру (ұлттық жоба, даму жоспарлары, бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары). Бюджеттік бағдарламалар бойынша Министрліктің бекітілген бюджетін қалыптастыру, нақтылау және түзету бойынша қажетті шараларды іске асыру. Министрліктің бюджеттік комиссиясының отырыстарына материалдар дайындау. Министрліктің Стратегиялық жоспарын қалыптастыруға қатысу. Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволарына және мемлекеттік мекемесіне бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Республиканың Конституциясы мен заңнамасын сақтау. Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіпте мемлекеттік қызметшінің антын беру. Азаматтардың және заңды тұлғалардың еркіндіктерінің және заңды мүдделерінің, құқықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, азаматтардың үндеуін заңнамада белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау, олар бойынша қажетті шараларды қабылдау.. Берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттікті жүзеге асыру. Мемлекеттік органның басшылығын пайда болған мүдделер қақтығысы немесе оның пайда болу мүмкіндігі туралы олар жайлы білген кезден-ақ жазбаша нысанда ескерту. Орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау. Өзіне заңда белгіленген шектеуді қабылдау. Басшылардың бұйрықтарын және өкімдерін, жоғары тұрған органдардың және лауазымдық тұлғалардың, олардың өкілеттігі шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындау. Мемлекеттік және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтағаннан кейін де, заңмен белгіленген уақыт ішінде сақтау. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде алынатын азаматтардың жеке өмірлеріне, ар намыстары мен абыройларына тиетін мәліметтерді құпиялықта сақтау және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, олардан ондай ақпаратты ұсынуды талап етпеу. Мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету. Министрлік басшылығына немесе Құқық қорғау органдарына өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы дереу хабарлайды. Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау. Министрліктің регламентін және Министрлікте құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларын сақтау Басқарманың сарапшысы уақытша болмаған кезде олардың лауазымдық міндеттерін атқаруға міндетті. Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтау және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі заңнаманың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындау. ЕӨтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649156