Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Өңірлерді цифрлық дамыту департаменті Өңірлерді дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № 20-2-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Құқықтану
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Ақпараттық жүйелер
Қосымша талаптар
электрондық есептеу машиналары
Функционалды міндеттер
Өңірлерді цифрландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Өңірлерді цифрландыру шеңберінде жобаларды іске асыру бойынша облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – өңірлер) жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіру. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша өңірлерге жәрдем көрсету. Экономиканың негізгі салалары мен өмір сүру салаларына цифрлық технологияларды дамыту және енгізу үшін өңірлерде жағдайларды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу. Өңірлерді цифрландыру мәселелері бойынша кеңестерді ұйымдастыру. «Ақылды қалаларды» іске асыру мәселелері бойынша өңірлердің жұмысын үйлестіру. «Ақылды қалалардың эталондық стандартын» қажеттілігіне қарай әзірлеу, бекіту және өзектендіру. «Ақылды қалаларды» іске асыру мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу. Жер қатынастары саласын цифрландыру шеңберінде «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін құру және әкімшілендіру бойынша жұмысқа қатысу. Өңірлерде цифрландыруды дамыту мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, комитеттерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Өз құзыреті шеңберінде НҚА жобаларын әзірлеуді, келісуді және бекітуді қамтамасыз ету. Департамент құзыреті шегінде жобалар бойынша Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізуді қамтамасыз етуге қатысу. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысу. Департамент құзыреті шегінде мемлекет басшылығының тапсырмаларын; мемлекеттік стратегияларды; мемлекеттік даму бағдарламаларын; оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын орындау бойынша есептерді мониторингілеу және дайындау бойынша жұмысқа қатысу. Өз құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мониторингін әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу. Министрлік басшылығы тапсырмаларының орындалуына мониторингті және талдауды жүзеге асырудағы жұмысты ұйымдастыру. Департамент құзыретіне кіретін Министрлік қызметінің бағыттары бойынша баяндамалар мен сөз сөйлеулердің тезистерін дайындау. Департамент құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649156