Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті Жоспарлау, талдау және бақылау басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2025 жылғы 24 шiлдеге дейін) № УПАИК-4
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Инженерия және инженерлік іс
- Халықаралық қатынастар
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Жылу энергетикасы
- Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
- Ғарыш техникасы және технологиялары
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- Метрология
- Ғарыш аппараттарын өндіру
Функционалды міндеттер
Ғарыш қызметінің нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындағанда қатысуға; Комитет, Министрлік және Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырыстарына анықтамаларды, ақпаратты, есептерді, материалдарды дайындағанда қатысуға; Жобалық басқару шеңберіндегі аэроғарыш басымдылығын дамыту бойынша жұмысты жоспарлау, жинақтау, талдау, үйлестіру және жүргізу; Мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларға ғарыш саласы бойынша ұсыныстар енгізуге; Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің дамуын болжау және әлемдік ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдаланудағы біржақтылық жайкүйіне талдау өткізгенде қатысуға; Жобалық басқарудың аэроғарыш басымдылығы бойынша бастамалар, түзетулер, жүйелік шешімдер әзірлеуге; Жобалық басқарудың аэроғарыш басымдылығы бойынша бастамалардың іске асырылуын мониторинг жүргізуге; Басшылықтың тапсырмасы бойынша Басқарма және Комитетті мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда ұсынуға; Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу; Басқарма бойынша іс жүргізуге; Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыруға; (№ 15/НК 9.02.2023ж. бұйрықпен толықтыру) Комитет басшыларының тапсырмаларына және Басқарма ережелеріне сәйкес өзге міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649156