Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті Электрондық өнеркәсіпті дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № 15-2-3
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Инженерия және инженерлік іс
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандыру
Қосымша талаптар
техника және технологиялар
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыреті шегінде электрондық өнеркәсіп және робототехника саласын дамыту бойынша жоспарлар, жобалар әзірлеуге қатысады. Электрондық өнеркәсіп өнімдерін анықтау мақсатымен мемлекеттік органдармен әрекеттеседі.Мемлекеттік органдарға қажет электрондық өнеркәсіп өнімдерін Қазақстан Республикасында өндіруді ұйымдастыру, өзара өндірістік байланыс орнату мәселелері бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындармен әрекеттеседі. Отандық электрондық өнеркәсіп өнімдері сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру сұрақтары бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады. Электрондық өнеркәсіп бойынша мәліметтерді өзектендіру үшін инновациялық технологиялар өндірісіне мониторинг жүргізеді. Электрондық өнеркәсіпті дамыту бойынша халықаралық тәжірибені зерделейді. Технологиялардың трансфертін қоса алғанда құрал жабдықтар өндіретін шетелдік өндірушілермен өндірістік кооперацияны ұйымдастыру. Басқарма құзыретіне кіретін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649156