Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, C-2 (1 бірлік) № 13-1-2

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-2 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

611721

Жалпы біліктілік талаптары

С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Халықаралық қатынастар
  • Аударма ісі
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Ақпараттық жүйелер

Қосымша талаптар

сауда экономикасы

Функционалды міндеттер

Департаменттің департамент пен Министрлік басшылығының тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындауын ұйымдастыру. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық шарттар жасасу, олардың күшіне енуі бойынша мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу мәселелері бойынша қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ Министрлік реттейтін ынтымақтастық салаларындағы халықаралық міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізу. Заңнамаға және халықаралық шарттарға сәйкес Үкіметаралық комиссиялардың отырыстарын, хаттамалық іс-шараларды ұйымдастыру. Департамент құзыретіне кіретін халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің және Үкіметтің тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындауды ұйымдастыру. Департаменттің жұмысын ұйымдастыру және бақылау және Департаментке жүктелген міндеттерді іске асыру. Департамент директорына Департамент жұмысының тиімділігін арттыру бойынша, сондай-ақ Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар енгізу. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 22.09.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.09.2023 – 03.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4

Анықтама алу үшін байланыс

+77172649156