Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Адами ресурстарды басқару департаменті Кадр әлеуетін дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № 08-3-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
Қосымша талаптар
мемлекеттік саясат
Функционалды міндеттер
Министрлік кадрларын кәсіби дамыту жөніндегі жұмысты, оның ішінде даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз ету. "А" және "Б" корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне бағалау жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асыру. Материалдық көмек көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Сыйлықақы беру бойынша жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша МҚІСҚА есептерді дайындауды және тапсыруды жүзеге асыру. Ұжымды біріктіру, әріптестер арасында достық қарым-қатынасты нығайту және қолайлы психологиялық ахуал жасау мақсатында іс-шаралар өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Е-қызмет" ақпараттық жүйесінің жұмысын ұйымдастырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649156