Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Цифрлық трансформация департаменті Сараптама басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № 16-3-3
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Информатика
- Құқықтану
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру
Қосымша талаптар
ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері
Функционалды міндеттер
Басқарма құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіпте қарау. Инвестициялық ұсыныстарды, бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және қаржы-экономикалық негіздемелерін қарау және ақпараттандыру саласында қорытындылар беру. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды қарау және келісу. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын қарау және салалық қорытынды беру. «Электрондық үкімет» бағдарламасын іске асыруға шолу мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Сервистік бағдарламалық өнімдерді құруға немесе дамытуға мемлекеттік органдардың өтінімдерін қарау. Сервистік бағдарламалық өнімдерді жобалауға арналған тапсырмаларды қарастыру және келісу. Басқарманың құзыреті шеңберінде тиісті бюджеттік бағдарламаны, стратегиялық жоспарды және министрліктің бюджеттік өтінімін қаржыландыру жоспарын қалыптастыру. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. Лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649159