Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті Көпжақты ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024 жылғы 22 қазанға дейін) № 13-4-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Халықаралық қатынастар
- Аударма ісі
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
Функционалды міндеттер
Халықаралық ұйымдармен, Орталық Азия және Каспий өңірі елдерімен халықаралық ынтымақтастық жөніндегі министрліктің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету. Халықаралық шарттар болып табылмайтын халықаралық шарттардың және өзге де халықаралық актілердің жобаларын, сондайақ Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің халықаралық ынтымақтастық саласындағы құқықтық актілерін әзірлеу және келісу. Орталық Азия және Каспий өңірі елдерімен халықаралық ұйымдар мен үкіметаралық комиссиялардың отырыстарына қатысу және өткізу. Орталық Азия, Каспий өңірі елдерімен және халықаралық ұйымдармен (ЭЫДҰ, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ және т.б.) ынтымақтастық шеңберінде құжаттарды қарау және келісу. Халықаралық ұйымдар мен Орталық Азия елдері, Каспий өңірі өкілдерімен келіссөздер жүргізу. Министрлік реттейтін ынтымақтастық салалары бойынша қазақстандық ұстанымды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Қазақстан Республикасының Халықаралық ұйымдарға қатысуының ықтимал салдарын бағалау бойынша талдау жүргізу. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарын үйлестіру және стратегиялық әріптестермен ынтымақтастықтың қол жеткізілген деңгейін кеңейтуге, мемлекетаралық кооперацияның тиімділігін арттыруға және Орталық Азия және Каспий өңірі елдерімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін, атап айтқанда Шетел капиталын тарту және халықаралық алаңда Министрлік реттейтін ынтымақтастық салаларында инвестициялық тартымдылықты қалыптастыру есебінен жағдайлар жасауға жәрдемдесу. Басқарманың құзыреті шегінде трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту бойынша жұмысты жүзеге асыру. Министрліктің салалық құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Министрлік басшылығының қатысуымен халықаралық ісшараларға анықтамалық-ақпараттық материалдарды сапалы және уақтылы дайындауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы саяси ведомствосымен және шет елдердегі мекемелерімен, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен, ұйымдарымен және іскер орталарымен өзара ісқимыл жасау. Белгіленген тәртіппен уәкілетті органдармен, ұйымдармен және шет мемлекеттердің іскер орталарымен өзара іс қимыл жасау. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, проспект Мангилик Ел 55/5, блок С2.4
-
+77172649159