Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Адами ресурстарды басқару департаменті Кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік) № 08-2-3
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
236338
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Министрліктің және оның ведомстволарының, аумақтық органдарының, оның ішінде е-қызмет жүйесінде құрылымын қалыптастыру және бекіту. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге, оның ішінде еқызмет жүйесінде біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту. "Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, оның ішінде е-қызмет жүйесінде орналасуға конкурс ұйымдастыру және өткізу, конкурс комиссиясының қызметін ұйымдастыру. Кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын тағайындауды және аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар бойынша ай сайынғы есепті дайындау, жинақтау және ҚБҰ жүйесінде Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің Кеңсесіне Жолдау. Өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға тоқсан сайынғы/жылдық статистикалық есеп үшін ақпарат дайындау. Өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға персоналды басқаруды бағалау бойынша жылдық есеп үшін ақпарат дайындау. Қызметтік тізімдерді дайындау. Мемлекеттік қызметшілерді ҚР БП ҚСжАЕК Ақпараттық сервисінде тексеру. Қызметтік тергеу жүргізу. Е-қызмет жүйесінде қызметкерлердің дербес деректерін жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649159