Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жобалық басқару саясаты департаменті Жобалық басқару бойынша мемлекеттік органдарды үйлестіру, талдау, бағалау және сүйемелдеу басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік) № 23-3-1
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
422437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Саясаттану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Ұлттық жобалық басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту, оны мемлекеттік басқаруға енгізу; Ұлттық жобалық басқару жүйесін қалыптастыру және дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу; бастамаларды, жобаларды, бағдарламаларды, оның ішінде ұлттық жобаларды, мемлекеттік органдардың портфельдерін басқару жөніндегі процестердің жобалық басқару әдіснамасына сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа қатысады; мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру кезінде жобалық басқаруды енгізу және дамыту бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың жобалық офистерін әдіснамалық қолдауды қамтамасыз ету; Ұлттық Жобалық офис құрамында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша Мемлекеттік органдардың жобалық офистерінің қызметін үйлестіру және сүйемелдеу; жобалық басқару бойынша білім беру және қоғамдық ұйымдар мен мамандардың кәсіби қоғамдастықтары арқылы жобалық персоналдың құзыреттілік деңгейін арттыру жүйесін енгізуді қамтамасыз ету; кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардағы, Министрліктің бөлімшелеріндегі, өзге де мүдделі ұйымдардағы кеңестерге қатысу; жобалық басқаруды мемлекеттік басқаруға енгізудің рейтингтік бағасын әзірлеуді жүргізеді; мемлекеттік органдардың қызметіне жобалық басқаруды енгізуді апта сайын бағалауды жүргізеді; департаменттің қызметі шеңберінде іске асырылатын жобаларға қатысу және баскару.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649159