Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Адами ресурстарды басқару департаменті Кадр әлеуетін дамыту басқармасының сарапшысы, C-5 (1 бірлік) № 08-3-3
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
208062
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыреті шегіндегі мәселелері бойынша жұмыс топтарының жұмысына қатысады. Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және өзге де актілерді әзірлеуге және іске асыруға қатысады. Басқарманың құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды. Басқарманың жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді. Белгіленген мерзімдерге сәйкес «А» және «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметіне бағалау жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. «Easy project» ақпараттық жүйесінде белгіленген мерзімдерге сәйкес жобалық басқарудың үлгілік базалық бағыты (№4 ҮББ) шеңберінде «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобалар топтарын орындау бойынша жұмысты жүзеге асырады. «Easy project» ақпараттық жүйесінде белгіленген мерзімдерге сәйкес жобалық басқарудың үлгілік базалық бағыты (№5 ҮББ) шеңберінде «Қоғамдық сананы жаңғырту» жобалар топтарын орындау бойынша жұмысты жүзеге асырады. "Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қызметінің тиімділігін бағалау мен талдауды жүргізудің негізгі ережелерін, бағыттарын, өлшемдері мен тетіктерін айқындайтын құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады. Мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ұсыну үшін кандидатураларды қарау және ұсыну жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады және қызметін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қызметкерлерді Министрдің Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапаттау жөніндегі материалдарды дайындауды жүзеге асырады. Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттер министрлігінде өндірістік, диплом алдындағы практикадан өту бойынша жұмысты ұйымдастырады. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Үкімет басшылығына Министрліктің басшылығы бойынша жоқ қызметкерлер туралы ақпарат ұсынады. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына Министрліктің жаңадан қабылданған және жұмыстан босатылған қызметкерлері бойынша мәліметтерді ай сайын ұсынады; Министрлік қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығына бекіту және олардың медициналық кәсіптік қараудан өтуі жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы жанындағы «Қарлығаш» балабақшасында орын беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының Медициналық орталығы арқылы шипажайға курорт беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Ант беру бойынша салтанатты рәсімді өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарайды. «Қорғау» бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметінің жұмысын ұйымдастырады. Ұжымдағы моральдықпсихологиялық ахуалдың жай-күйін анықтау бойынша жұмыс жүргізуді, сондай-ақ оны жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуді жүзеге асырады. Ұжымды біріктіру, әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және қолайлы психологиялық ахуал құру мақсатында Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша МҚІА-ға есептерді дайындауды және тапсыруды жүзеге асырады. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «Е- қызмет» ақпараттық жүйесінің жұмысын ұйымдастырады. Басқарма әзірлеушілері басқарма болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді жүзеге асырады, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне жататын актілер Нормативтік құқықтық актілердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану жөнінде шаралар қолданады Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік комитеттерінің жұмысын үйлестіреді. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс- қимыл жасайды.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Бақылау тапсырмаларын орындайды. Жеке және заңды тұлғалардың кадр мәселелері бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің блогына түскен өтініштерін қарайды. Өз құзыреті шегінде мұрағатқа құжаттарды қалыптастыруды және тапсыруды қамтамасыз етеді. Өз құзыреті шегінде Министрліктің қызметкерлеріне Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелері бойынша кеңес береді. Министрліктің регламентін және Министрлікте құжаттау және құжаттаманы басқару ережелерін сақтайды. Департамент директорының және басқарма басшысының тапсырмалары мен өкімдерін Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі заңнаманың талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды. е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша өтініш мәселесінің сипатын және қабылданған шешімдердің мәнін сенімді түрде толтыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649159