3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жәнеаэроғарыш өнеркәсібі министрлігі адами ресурстарды басқару департаменті директорының орынбасары, C-2 (1 бірлік) № 08-1-2
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Астана қаласы
611721
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттігіне уақтылы талдау жүргізу және ұйымдастыру; мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру; мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған дерекқорда (ақпараттық жүйеде) жүргізу. Мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру; «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамадан өткізуді, даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз ету. Конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру; мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату рәсімдерінің сақталуын, қызметтік тергеулер жүргізуді, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды, аттестаттау және оқытуды, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі Бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйеде) қамтамасыз ету; кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру. Мемлекеттік органда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту: мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын ұйымдастыру, еңбек режимі мен жағдайларының, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын ұйымдастыру; мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасымен айқындалатын персоналды басқару жөніндегі өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs@mdai.gov.kz
- Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 55/5, С2.4 блогы
-
+77172649158