«Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркі» жобасы

Сипаттамасы

 

Astana Hub – IT-стартаптардың халықаралық технопаркі. Онда қазақстандық және шетелдік технологиялық компаниялардың еркін дамуы үшін жағдайлар жасалады.

Astana Hub-тің жаһандық миссиясы – инновациялық жобаларды дамыту орталығына айналу, серпінді IT-компанияларды шығару, сондай-ақ бүкіл әлемнің жас және талантты IT-мамандарын тарту үшін ошаққа айналу.

Технопарк "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының бесінші бағыты шеңберінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша құрылды.

Қатысушылар үшін шарттар

 

Astana Hub-та 130-дан астам қатысушы компания жұмыс істейді. Технопарктің барлық қатысушылары салық преференцияларын алады, бұл: 0% КТС (корпоративтік табыс салығы), 0% ЖТС (жеке табыс салығы), 0% ҚҚС (қосылған құн салығы), сондай-ақ 2020 жылдан бастап - 0% резидент еместерге әлеуметтік салық.

Сонымен қатар, қатысушы мәртебесі шетелдік қызметкерлерді тарту үшін жұмыс визасын алудың жеңілдетілген тәртібін қолдануға мүмкіндік береді.

Жұмыс визасы 5 жылға дейін беріледі, ал стандартты жағдайда жұмыс визасының лимиті 3 жылды құрайды.

Даму бағдарламалары

 

Стартап жобалар акселерация және инкубация бағдарламалары Astana Hub-тан өтуі мүмкін.

Акселератор – IT-стартап жобаларын дамытуға арналған Қазақстандағы жалғыз акселерациялық бағдарлама. Оның ұзақтығы 3 айды құрайды,ол менторлық, трекерлік, оқыту және сараптамалық қолдау арқылы бизнесті құруға бағытталған. Astana Hub-та барлығы 78 стартап өтті. Олар тартқан инвестиция көлемі 1 миллиард теңгеден асты. 149 жұмыс орны құрылды.

Инкубация – бұл қатысушылардың қажеттіліктерін тұрақты зерттеуге негізделген стартап-жобаларды дамытуға арналған ұзақ мерзімді бағдарлама. Бағдарламаға қатысушылар икемді іс-шаралар жоспары бар бірыңғай коворкингте орналастырылады. Astana Hub-та ерекше орта құрылған, онда стартаптар 6 ай ішінде жобаны дамытуға, пікірлестер қоғамдастығында ыңғайлы заманауи коворкинг-кеңістікте жұмыс істеуге, сарапшылардан кеңес алуға және әлеуетті инвесторлармен байланыс орнатуға болады.