Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені

Сипаттамасы

Кешен Қазақстандағы ғарыш инфрақұрылымының ең ірі объектілерінің бірі болып табылады. Бұл кәсіпорында әр түрлі мақсаттағы жерсеріктер жобаланады, жиналады және сыналады. Кешен құрамына келесілер кіреді:

  • барлық жобалық және конструкторлық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін арнайы конструкторлық-технологиялық бюро.
  • салмағы 100 кг-нан 6 тоннаға дейінгі ғарыш аппараттарын құрастыру және сынау бойынша тұйық циклді қамтамасыз ететін құрастыру-сынау кешені.
  • ғарыш аппараттарының компоненттерін дайындауға арналған зертханалармен және өндірістік учаскелермен жабдықталған тәжірибелік өндіріс.

Мақсаты

Қазақстанда ғарыш аппараттарын, пайдалы жүктеме компоненттерін және ғарыш техникасының элементтерін жобалау, дайындау, жинау және сынау үшін технологиялық және өндірістік база құру