"Smart Data Ukimet " Жобасы

Сипаттамасы

Smart Data Ukimet– бұл BIG DATA пайдаланып Қазақстанның экономикалық жағдайына мониторинг жүргізуге және одан әрі дамуды болжауға мүмкіндік беретін құралдардың жиынтығы.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректер базасында көптеген пайдалы ақпарат жинақталған.

Осыған байланысты, әртүрлі көздерден алынған үлкен деректер үшін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметі туралы талдау ақпаратын ұсыну үшін бірыңғай кеңістік құру қажеттілігі туындады.

Бұл ақпарат әрбір мемлекеттік органның ішіндегі деректерді зияткерлік талдау үшін де, тұтастай алғанда Үкіметтің ведомствоаралық деректерін талдау деңгейінде де құндылық болып табылады. Осылайша, мамандандырылған құралдармен талдау үшін қолайлы үлкен деректердің айтарлықтай көлемі жасалды.

Жобаның іске қосылуының арқасында ақпарат кесте, графиктер және визуалды панельдер түрінде өңделеді және орналастырылады, көрсеткіштердің нұсқалы болжамдық есептеулері орындалады, сценарийлік болжамдау үлгілерінің кешендері әзірленеді. Үлкен деректерді өңдеу оңай және жылдам болды. Жобаны пилоттық режимде сүйемелдеу үшін Smart Data Ukimet Ахуалдық орталығы пайдалануға берілді. Шын мәнінде, бұл мемлекеттік басқаруды сандық трансформациялау үшін базалық негіз. Сондай-ақ жоба халықаралық және ел ішіндегі ақпараттық кеңістіктің мониторингін, дағдарыстық және төтенше жағдайларды үйлестіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Пилоттық іске қосу шеңберінде жүйені тестілеу, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін сынау, деректер базасын өзектендіру өткізілді. Бұдан басқа, Smart Data Ukimet Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимыл регламентінің жобасы әзірленді (ҚР ҰЭМ, ҚР ДСМ, ҚР ЕХӘҚМ, ҚР ҚМ, ҚР БҒМ, ҚР АҚДМ), бұл ведомстволар арасындағы жұмысты жеңілдетуге мүмкіндік берді.

Жоба туралы ары-қарай оқу: http://egov.kz/cms/ru/ai-big-data

Міндеттер

"Smart Data Ukimet" жобасының міндеттері:

  • экономика салаларының ағымдағы жай-күйінің мониторингі;
  • жасанды интеллект қолдану негізі ретінде үлкен деректердің біртұтас кеңістігін құру;
  • МО мәліметтеріндегі қайшылықтарды, тәуелділіктерді және айқын емес деректерді анықтау;
  • басқару шешімдерінің салдарын болжау және модельдеу.

Кезеңдер

2018 жыл

  • Архитектураны іске асыру;
  • 5 пилоттық министрліктің ақпараттық жүйелерін қосу: Ұлттық экономика министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ Қаржы министрлігі;
  • Жоба барысында келісілген көрсеткіштерге қол қою;
  • Жүйені пайдаланушыларды оқыту.

2019 жыл

  • Жаңа көздерді қосу: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қаржы министрлігі (екінші кезең), Ауыл шаруашылығы министрлігі, Әділет министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Энергетика министрлігі, жергілікті атқарушы органдар;
  • Болжамдық және талдау модельдерін іске асыру;
  • Аналитикалық үлгілерді өз бетінше құру үшін аналитикалық компоненттермен жұмыс істеу бойынша деректерді талдаушыларды оқыту;
  • Жүйенің функционалдығын арттыру, тарихи ақпаратты жинақтау.

2020 жыл

  • Жаңа көздерді қосу: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, ПМК сәулет жоспарына сәйкес өзге де ақпараттық жүйелер;
  • Шынайы талдаулар мен болжамдарды алу үшін жинақталған ақпаратпен жұмыс істеу үшін аналитикалық жүйенің алгоритмдерін оқыту (machine learning, Жасанды Интеллект).

2021 жыл

  • Сыртқы ресурстарды, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың ақпараттық жүйелеріне қосу;
  • Талдаушылардың деректер болжамдары мен талдауларының кең спектрін құру, жаңа әдістемелерді енгізу.