Сенімді цифрлық нысандар тізілімі

Сипаттамасы

Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 32-бабына сәйкес Сенімді цифрлық нысандар тізілімі қалыптастырылады және жүргізіледі.

Тізілім киберқауіпсіздік, сенімділік, локализация, техникалық қолдаудың болуы және айрықша мүліктік құқықтар бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келетін цифрлық нысандарды есепке алуға арналған. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Сенімді цифрлық нысандар тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Артықшылығы неде?

Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға қолжетімділік: Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік сатып алулар және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алулары туралы заңнамаға сәйкес Тізілімге енгізілген цифрлық нысандарды сатып алады.

Белгіленген талаптарға сәйкестігін ресми түрде растау: Тізілімге ену цифрлық нысанның киберқауіпсіздік, сенімділік, локализация, техникалық қолдау көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да талаптарға сай екенін растайды.

Отандық цифрлық шешім мәртебесін растау: Тізілімге ену үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің локализация деңгейі кемінде 80% болуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында айрықша мүліктік құқықтар мен техникалық қолдаудың бар екенін растау қажет.

Мемлекеттік тізілімде жария түрде орналастыру: Қосылған цифрлық нысан туралы мәліметтер Сенімді цифрлық нысандардың ресми тізілімінде жарияланады, бұл оның танымалдылығын арттырып, әлеуетті тапсырыс берушілер үшін іздеуді жеңілдетеді.

Тапсырыс берушілер тарапынан сенімділікті арттыру: Цифрлық нысанның мемлекеттік тізілімде болуы белгіленген тексеру рәсімінен өткенін растайды және мемлекеттік пен корпоративтік тапсырыс берушілер үшін қосымша сенім факторы болып табылады.

Тізілімге қалай кіруге болады?

Құжаттарды дайындау

Сенімді цифрлық нысандар тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында көзделген, цифрлық нысанның белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар мен мәліметтерді, сондай-ақ қазақстандық өндірушілер тізіліміне енгізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің қазақстандық өндірушісін растау қағидаларын дайындаңыз.

Өтініш беру

ЕОНИС порталында өтініштің электрондық нысанын толтырып, белгіленген талаптарға сәйкес қажетті құжаттарды тіркеңіз.

Өтінішті қарау

Уәкілетті орган өтініш пен ұсынылған құжаттарды қарап, талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізеді және цифрлық нысанды Тізілімге енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Өтінім нысаны мен қажетті құжаттар туралы толығырақ мұнда.

Тізілімді жүктеу

Бүгінгі таңда Сенімді цифрлық объектілер тізіліміне 43 цифрлық объект енгізілген.

Сенімді цифрлық объектілер тізілім