Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы
Описание
2018 жылы елімізде мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарын және аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымды кибершабуылдардан қорғауды қамтамасыз ететін және ел ауқымында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің басты элементі болып табылатын Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (АҚҰҮО) құрылып, жұмысын бастады.
АҚҰҮО ақпараттық қауіпсіздік жедел орталықтарынан ақпараттық алаңнан кибершабуылдар мен қауіптер туралы барлық өзекті ақпаратты жинақтайды, қазіргі таңда олардың саны он алты:
- Заңды тұлғалар бірлестігінің «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы»
- «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
- «Транстелеком» АҚ
- «Tengri Security» ЖШС
- «KBI Security» ЖШС
- «Казтелепорт» АҚ
- «QazCloud (КазКлауд)» ЖШС
- «Сапа Софтвер» ЖШС
- «Business &Technology Services» ЖШС
- «Инженерлік-техникалық орталық» АҚ
- «ASTEL» (АСТЕЛ) АҚ
- ШЖҚ-дағы «Материалдық – техникалық қамтамсыз ету басқармасының инженерлік орталығы» РМК
- «Tengri Lab» ЖШС
- «ISV Central Asia (АйЭсВэ Центральная Азия)» ЖШС
- «Digital Qalqan» ЖШС
- «KazDream» ЖШС
Ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығы АКИАМО және ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізеді және бір-бірімен АҚҰҮО арқылы өзара іс-қимыл жасайды.