АКТ сыни нысандары (АКИАМО)

АКТ сыни нысандары

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңында Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесі айқындалған.

Бұл тізбеге кемінде 4 өлшемнің біріне сәйкес келетін акт инфрақұрылымының объектілері кірді. Олардың жұмыс істеуінің тоқтатылуы Әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе Қазақстан Республикасының қорғанысы, қауіпсіздігі, халықаралық қатынастары, экономикасы, шаруашылықтың жекелеген салалары, инфрақұрылымы үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі үшін елеулі теріс салдарларға әкеп соғады.

Критерийлер

  1. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің аса маңызды мемлекеттік объектінің үздіксіз пайдаланылуына ықпалы, оның жұмыс істеуі бұзылған кезде аса маңызды мемлекеттік объектінің қызметі тоқтатылатын болады.
  2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің стратегиялық объектілердің үздіксіз және қауіпсіз пайдаланылуына ықпалы, оның жұмыс істеуі бұзылған кезде стратегиялық объектінің қызметі тоқтатылатын болады не техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі туындайды.
  3. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектілерінің үздіксіз және қауіпсіз пайдаланылуына ықпалы, оның жұмыс істеуі бұзылған кезде стратегиялық маңызы бар экономика салалары объектісінің қызметі тоқтатылатын болады не техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі туындайды.
  4. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің «электрондық үкiмет» ақпараттандыру объектісінің тұрақты жұмыс iстеуiн және жұмыс істеуінің ішінара немесе толық бұзылуы (тоқтатылуы) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайға әкелуі мүмкін өзге ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз етуге әсері.

Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы