Космический ракетный комплекс «Байтерек»
Космический ракетный комплекс «Байтерек»
«Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешені - «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-5» зымыран тасығыштарын ұшыруды жүзеге асыру үшін жоспарланып отырған ұшыру алаңын жаңғыртуды көздейтін Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы.
«Бәйтерек» жобасын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2004 жылғы 22 желтоқсандағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру туралы Келісім (бұдан әрі – Құқықаралық келісім) бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау шеңберінде жүргізіледі.
Бұл жобада қазақстандық тарап «Зенит-М» кешенінің қолданыстағы жерүсті инфрақұрылымын қайта жаңғыртуға, ал ресейлік тарап «Союз-5» зымыран тасығышын әзірлеуге жауапты.
Жобаның құны 90,8 млрд. теңгені құрайды.
2023 жылғы 9 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путинмен кездесуі барысында ғарыш саласындағы, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және пайдалану саласындағы өзара іс-қимылды жалғастыру уағдаластығына қол жеткізілді.
Сонымен қатар, «Байқоңыр» кешені бойынша кооперацияны күшейту және жаңа жұмыс орындарын құруды, қазақстандық мамандардың құзыретін арттыруды, технологияларды беруді және Ұлттық мамандар корпусын қалыптастыруды қоса алғанда, елеулі мультипликативтік әлеуеті бар «Бәйтерек» жобасын іске асыруды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазақстан тарапы ағымдағы кезеңде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы жоба бойынша келісім бойынша халықаралық міндеттемелерге өзгерістер енгізу және 2023 жылдан 2025 жылға дейін ұшу сынақтарының басталу мерзімдерін ауыстыру бөлігінде ТЭН түзету бойынша жұмыстар жүргізуде.
Ресей тарапы 2025 жылға қарай «Бәйтерек» ҒЗК-мен алғашқы сынақ ұшыруды жүзеге асыру мүмкіндігін растады.
Жұмыс жалғасуда.