Инновациялық жобаларды генерациялау мен енгізуге арналған Платформа

Сипаттамасы

Мамандарға деген қажеттіліктің артуын және білім беру бағдарламаларының электрондық өнеркәсіп саласындағы еңбек нарығының талаптарына сәйкес келмеуін ескере отырып, жоғары оқу орындары мен электроника кәсіпорындары арасындағы өзара байланысты жақсарту қажеттілігі туындайды.

Осыған байланысты, Министрлік мүдделі электрондық өнеркәсіп кәсіпорындары мен жоғары оқу орындарының қатысуымен инновациялық жобаларды генерациялау және енгізу үшін платформа құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Жоба шеңберінде электрондық өнеркәсіп кәсіпорындары ЖОО студенттерін дипломдық жұмыстардың өзекті тақырыптарымен, кәсіпорындарда практикадан өтумен және жобаны жүргізудің бүкіл кезеңіне сүйемелдеумен (жабдықтарға, консультацияларға және материалдарға қол жеткізумен) қамтамасыз ететін болады.

Ұсынылған дипломдық жұмыстар «инфотехнологиялар өндірушілер мен инфокоммуникация субъектілері одағы» ЗТБ және Министрліктің онлайн ресурсында ЖОО студенттері өздерінің дипломдық жұмыстарына қызығушылық танытқан тақырыптарды таңдау мүмкіндігіне ие болуы үшін орналастырылады.

Пилоттық жоба оң нәтиже берген жағдайда, Министрлік бұл тәжірибені Министрліктің басқа жоғары оқу орындарына, кәсіпорындары мен салаларына таратуды жоспарлап отыр.

Біздің мақсатымыз

Мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындардың ынтымақтастығын дамыту және жоғары оқу орындары түлектерінің инновациялық жобаларын іске асыру.

Артықшылықтары

Электрондық өнеркәсіп саласында мамандарды даярлау сапасын арттыру;

Электрондық өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындардың сұраныстарына сәйкес практикалық міндеттердің ғылыми негізделген шешімдерін қолдану есебінен студенттерді ынталандыру;

Тәжірибеден өткеннен кейін кәсіпорындарда студенттерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігі.

ҚР электрондық өнеркәсіп кәсіпорындарының дипломдық жобаларының тақырыптары

Электрондық өнеркәсіп кәсіпорындарымен жұмыс қорытындысы бойынша ЖОО түлектеріне арналған дипломдық жұмыстардың 54 тақырыбынан тізбе жасалды.

ҚР электрондық өнеркәсіп кәсіпорындарының дипломдық жобаларының тақырыптары

Кәсіпорындардың байланыс телефондары

Электрондық өнеркәсіп саласындағы жоғары оқу орындарының тізбесі

 

Толық ақпаратты 8(7172) 74-98-13 телефоны арқылы немесе email арқылы алуға болады k.kabirova@mdai.gov.kz