Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы (ҰКДИ)
Сипаттама
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 727 қаулысымен бекітілген «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының 123-тармағына сәйкес, 2021 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңістіктік деректерінің инфрақұрылымын құру жобасы (бұдан әрі – «ҰКДИ» жобасы) іске асырыла бастады.
«ҰКДИ» жобасын іске асыру кезеңі - 2021-2024 жж.
ҰКДИ мақсаттары
- Қазақстан Республикасының QazTRF (Qazaqstan Terrestrial Reference Frame) (СК-42 орнына) бірыңғай мемлекеттік координаттар жүйесін құру;
- Қазақстан Республикасының аумағын ашық кеңістіктік деректермен қамтамасыз ету;
- Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың кеңістіктік деректерімен алмасуды автоматтандыру.
«ҰКДИ» жобасы іске асырылғаннан кейін мынадай әлеуметтік-экономикалық әсерлерге қол жеткізілетін болады:
- нақты уақыттағы (өлшеу сәтінде) RTCM форматындағы дифференциалды түзету ақпараты есебінен жоғары дәлдіктегі позициялау жеделдігін арттыру;
- қазіргі заманғы технологияларды енгізу арқылы геодезиялық жұмыстарды, инженерлік-геодезиялық іздестірулерді жүргізу кезінде еңбек өнімділігін 3 есе арттыру;
- Қазақстан Республикасының аумағын, оның ішінде қалалар мен аудан орталықтарын ашық кеңістіктік деректермен қамтуды 100% дейін ұлғайту;
- жедел күтуде кеңістіктік деректер базасын құру;
- халықты, бизнесті және инвесторларды ашық кеңістіктік деректермен және карталармен қамтамасыз ету, бұл бизнестің экономикалық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді;
- барлық деңгейдегі кеңістіктік деректер мен ақпараттық жүйелерді бірыңғай ақпараттық ортаға интеграциялау арқылы орталық және жергілікті деңгейлерде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру;
- кеңістіктік ақпаратты біріздендіру, оларды пайдалану бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру;
- БКД АЖ арқылы картографиялық материалдарды алу уақытын нақты уақыт режиміне дейін (сұрау салу сәтінде) қысқарту;
- ведомстволық ақпараттық жүйелерді, кадастрларды интеграциялау есебінен кеңістіктік ақпаратты жаңарту уақытын БКД АЖ-да өзектендірілген базалық кеңістіктік деректерді не мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде, кадастрларында тақырыптық деректерді енгізу сәтіне дейін қысқарту;
- кеңістіктік деректерді өндірушілер мен тұтынушылардың ақпараттық өзара іс-қимылындағы кедергілер мен шектеулерді жою;
- кеңістіктік ақпаратты қолдануға байланысты әкімшілік рәсімдердің ашықтығы мен болжамдылығын арттыру;
- кеңістіктік ақпаратпен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру үшін жағдайлар жасау;
- кеңістіктік деректерді, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді өндіру және өзектендіру шығындарын азайту.