«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Сипаттама

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы – бұл кешенді бағдарлама, оның мақсаты сандық технологияларды пайдалану есебінен елдің әрбір тұрғынының өмір сүру деңгейін арттыру болып табылады. Іске асыру мерзімі – 2018-2022 жж.

Бағыттары

  1. "Экономика салаларын цифрландыру" - еңбек өнімділігін арттыратын және капиталдандырудың өсуіне әкелетін серпінді технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ҚР экономикасының дәстүрлі салаларын қайта құру.
  2. "Цифрлық мемлекетке көшу" – халыққа және бизнеске қызмет көрсету үшін мемлекеттің инфрақұрылымын олардың қажеттіліктерін алдын ала отырып қайта құру.
  3. "Цифрлық Жібек жолын іске асыру" – деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жоғары жылдамдықты және қорғалған инфрақұрылымын дамыту.
  4. "Адами капиталды дамыту" – креативті қоғам құруды және жаңа шындыққа – білім экономикасына көшуді қамтитын қайта құрулар.
  5. "Инновациялық экожүйені құру" – бизнес, ғылыми сала мен мемлекет арасында орнықты байланысы бар технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ өндіріске инновацияларды енгізу үшін жағдай жасау.

Мақсаттар

Орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану есебінен ел экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді перспективада болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін дамудың принципті жаңа траекториясына көшуі үшін жағдайлар жасау.

Міндеттер

  1. Өнеркәсіп пен электр энергетикасын цифрландыру.
  2. Көлік және логистиканы цифрландыру.
  3. Ауыл шаруашылығын цифрландыру.
  4. Электрондық сауданы дамыту.
  5. Қаржылық технологияларды және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту.
  6. Мемлекет - азаматтарға.
  7. Мемлекет - бизнеске.
  8. Мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру.
  9. "Ақылды" қалалар.
  10. Байланыс желілері мен АКТ инфрақұрылымын жабуды кеңейту.
  11. АКТ саласында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  12. Орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беруде сандық сауаттылықты арттыру.
  13. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру (даярлау, қайта даярлау).
  14. Инновациялық даму алаңдарын қолдау.
  15. Технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, мәдениет стартап және ҒЗТКЖ.
  16. "Венчурлік" қаржыландыруды тарту.
  17. Инновацияға сұранысты қалыптастыру.