ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ІТ-қауымдастығымен дәстүрлі кездесу өткізді
Әр түрлі профильдегі 100-ден астам кәсіпкер – стартап-жобалар авторларынан бастап бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілерге дейін сала мәселелерін, сондай-ақ "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының аралық нәтижелерін талқылау үшін "Astana Hub" халықаралық технопаркіндегі министрмен дәстүрлі кездесуге жиналды.
