Жаңа оқу жылының басында 250-ден астам ауылдық мектеп оқушылары жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізді

Жарияланған күні: 26 тамыз 2019
Жаңа оқу жылының басында 250-ден астам ауылдық мектеп оқушылары жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізді

Шалғай елді мекендердегі 250-ден астам мектеп пен 200-ге жуық аурухана жоғары жылдамдықты интернетке қосылды.
Ол үшін 3 мың километрден астам талшықты-оптикалық байланыс желілері салынды.

Осылайша, сапалы интернет Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Ақмола және Түркістан облыстарында орналасқан 200-ден астам ауылдық елді мекендерге шығарылды.