ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіндегі жас мемлекеттік қызметшілердің форумы
Жүздеген маман "Астана Хаб" алаңында ведомство басшылығымен бейресми жағдайда сөйлесіп, Министрлік жұмысының тиімділігін арттыруы тиіс өз жобаларын ұсыну үшін жиналды.
Жас қызметкерлер жобаларды басқару тәсілдерін енгізу, киберқауіпсіздік, мәліметтер базасын, эмоциялық және интеллектуалды менеджмент құру және т. б. бойынша өз идеяларын ұсынды.
