ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің Павлодар облысына сапары
Сапар барысында министр ауылдарды Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты, "Павлодар" арнайы экономикалық аймағына және өңірде орналасқан ірі кәсіпорындарға барды:
"Павлодар мұнайхимия зауыты" ЖШС, "Гиссенхаус" ЖШС, сондай-ақ Екібастұз қаласындағы "Проммашкомплект" ЖШС.
Министр "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ мемлекеттік корпорациясы филиалы - Халыққа қызмет көрсету орталығы және көші-қон қызметі орталығының жұмысына ерекше назар аударды, онда ол объектілердің жабдықталуын қарап шықты, аймақтық филиалдағы әріптестермен әңгімелесті.
