ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "БІРГЕ-ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" экологиялық акциясын қолдады
Министрліктің, сондай-ақ оның ведомстволық бағынысты және салалық ұйымдарының 12 мыңға жуық қызметкері барлық облыс және аудан орталықтарында, мегаполистер мен шағын қалаларда бір мезгілде өзендер, көлдер жағалауларында орналасқан учаскелерге, осы аумақтарды тазалау үшін парктік аймақтарға шықты.
Ауқымды экологиялық челленджге байланысшылар мен пошта қызметкерлері, ақпараттық қауіпсіздік және инновация саласындағы мамандар, ХҚО қызметкерлері, аэроғарыш саласының өкілдері мен геодезия және картография саласындағы сарапшылар шықты.
Аумақты тазалау бойынша экологиялық акция барлық 14 облыста, 3 мегаполисте және шағын қалаларда, сондай-ақ Қазақстанның аудан орталықтарында өтті.
