Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің Оңтүстік Кореяның ғылым және АКТ министрі Ю Енг Минмен кездесуі
Кездесу барысында инновациялық экожүйелер мен стартаптарды дамытуға, жасанды интеллект, Big Data қолдануға, электрондық үкімет пен ақылды қалаларды дамытуға қатысты бірлескен жоспарлар мен идеялар, "Astana Hub" ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркінде ашу жоспарланып отырған Қазақстан-Корей бірлескен халықаралық IT-орталығын құру перспективалары талқыланды.
