Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурсты өткізу туралы ақпарат

Жарияланған күні: 05 қазан 2022

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереже» негізінде 2022 жылғы 3 қазанда Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша отырысы өткізілегнін туралы хабарлайды.

Жұмыс тобының сандық құрамы – 9 адам, оның 3 – мемлекеттік органның өкілдері,
6 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері.

Отырыста қатысқан Жұмыс тобының мүшелері:

  1. Ошакбаев Рахим Сакенович;
  2. Кусаинов Аскар Маратович;
  3. Нурпеисова Вероника Игоревна;
  4. Коктышев Павел Вячеславович;
  5. Оспанов Аблайхан Есенович;
  6. Хамит Алим;
  7. Абдикаликов Руслан Кенжебекович;
  8. Ашимов Мирас Кашенович;
  9. Тугушев Ринат Фаритович.