Вице-мининистрдің Қызылорда облысы тұрғындарымен кездесуі


Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мұсалиев Досжан 2026 жылғы 4 тамыз күні сағат 15.00-де Қызылорда қаласының «Сыр Жұлдыздары» ғимаратында Қызылорда облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Сағат 16:00-да Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды жеке қабылдайды (мекенжайы: Қызылорда қаласы, С. Бейбарыс, 16-құрылыс).
Жеке қабылдауға жазылу, сондай-ақ сұрақтармен ұсыныстарды қабылдау 8 (7242) 401191 телефон нөмірі арқылы жүзеге асырылады (жұмыс күні сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін).
Тұрғындармен кездесудің онлайн-трансляциясы Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ресми YouTube парақшасында тікелей эфирде жүргізіледі.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және вице-министрге сұрақ қоюға шақырамыз!
Министрліктің негізгі қызмет бағыттары: жасанды интеллект, телекоммуникация жәнебайланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік.
04 тамыз 2026
Кездесу