Қостанай облысының тұрғындарымен кездесу

Іс-шараның афишасында «Қостанай облысының халқымен кездесу» деген жазу, «23.10.2025» күні, уақыты мен өтетін орны, сондай-ақ спикердің фотосы мен есімі — Досжан Мусалиев көрсетілген

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мұсалиев Досжан Уалдинұлы 23 қазанда сағат 16.00-де облыстық филармония ғимаратында министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды және сағат 16:30-да тұрғындарымен кездесу өткізеді (мекен-жайы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 85).

Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8 (7142) 21-21-10 (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады.

Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.

Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік.

Оқиға күні

20 қазан 2025

Оқиға түрі

Кездесу