Ақмола облысы Ақкөл ауданының тұрғындарымен кездесу


Бірінші вице-министр Төлеушин Қаныш Аманбайұлы Ақмола облысы Ақкөл ауданының тұрғындарымен 29 қыркүйек күні сағат 10.30-да аудандық әкімдік ғимаратында кездесу өткізеді және сағат 11:30-да Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен-жайы: Ақкөл қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі № 94).
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-7172 64-93-63 (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады.
Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірінші вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.
Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.
24 қыркүйек 2025
Кездесу