Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесу

2025 жылғы 15 тамызда Жезқазған қаласында өтетін Ұлытау облысының халқымен кездесудің афишасында Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мунның қатысатыны көрсетілген

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Мун Дмитрий Андреевич 15 тамыз күні сағат 10.00-де «Ulytau Hub» технопаркінің ғимаратында Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 11:00-де министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен-жайы: Жезқазған қаласы,  Абая 99).

Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-777-571-70-79 (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады.

Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.

Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.

 

Оқиға күні

11 тамыз 2025

Оқиға түрі

Кездесу