Алматы қаласы тұрғындарымен кездесу


ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Коняшкин Ростислав Анатольевич 18 маусымда сағат 10.00-де Most Hub Almaty ғимаратында Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 10:45-те министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен-жайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Ходжанов көшесі, 2/2).
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар:
8-7272254011, телефон нөмері арқылы қабылданады, ішкі нөмір-1516 (жұмыс уақытында).
Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.
Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.
18 маусым 2025
Кездесу