Ақтөбе қаласының тұрғындарымен кездесу

Ақтөбе қаласының тұрғындарымен кездесу

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Мун Дмитрий Андреевич 30 мамыр күні сағат 10.00-де Aqtobe IT Hub ғимаратында Ақтөбе қаласының тұрғындарымен кездесу өткізеді және сағат 12:00-де министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы, 52а).

Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-7132-41-19-51 (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады.

Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.

Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.

Оқиға күні

22 мамыр 2025

Оқиға түрі

Кездесу