Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу


ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші
вице-министрі Төлеушин Қаныш Аманбайұлы 23 мамыр сағат 15.30-да IT hub Jetisu Digital ғимаратында Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді және министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды (мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Қонаев көшесі 47).
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8-702-725-58-20 (жұмыс уақыты) телефон нөмері арқылы қабылданады.
Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министріне сауал жолдауға шақырамыз.
Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия и картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.
23 мамыр 2025
Кездесу