Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарыш бесігі

Қазақстандағы ғарыш күндері: Байқоңыр – әлемдік ғарыш бесігі

Жыл сайынғы "Қазақстандағы ғарыш күндері-2019" форумы халықаралық форумдарды өткізудегі жаңа үрдістерді ескере отырып, оның қатысушыларының шекараларын кеңейте отырып және ауқымды міндеттерді қарастыра отырып, басқа елдердің халықаралық тәжірибесін қолдану бойынша дәстүрді жалғастырып келеді.

Халықаралық форумда "Байқоңыр" ғарыш айлағын дамытудың шынайылығы мен перспективалары, соңғы уақыттағы ғарыш қызметінің қорытындылары, жалпы Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамытудың перспективалары қаралатын болады.

Халықаралық форумды өткізу отандық және әлемдік ғарыш жетістіктерінің кең танымал болуына, Қазақстанның ғарыш жобаларының инвестициялық тартымдылығын дамытуға, ҚР ғарыш кәсіпорындары ұсынатын қызметтердің әлеуетті тұтынушыларын (мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жеке ұйымдар, қаржы институттары және т.б.) тартуға ықпал етеді.

Іс-шараны ұйымдастырушы: ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары.

Іс-шара мақсаты:

  • экономика салаларының міндеттерін шешу үшін ғарыш қызметінің нәтижелерін пайдалану бойынша тәжірибе алмасу және талқылау;
  • отандық жетістіктерді танымал ету және ғарыш саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың тәжірибесін зерделеу;
  • Қазақстанның ғарыш жобаларын дамыту үшін әлеуетті инвесторларды тарту;
  • Қазақстанның ғарыш кәсіпорындары ұсынатын қызметтерге әлеуетті тұтынушыларды (мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жеке ұйымдар, қаржы институттары және т.б.) тарту.

Іс-шараның форматы – Форумның мазмұны:

  • пленарлық отырыс;
  • бағыттар бойынша секциялар;
  • "дөңгелек үстелдер" отырысы;
  • панельді пікірталастар;
  • мастер-класстар;
  • меморандумдарға, шарттарға, келісімдерге қол қою;
  • қорытынды шығару: форум Қарарын қабылдау.

Форум қатысушылары: ғарыш технологияларын қолдану саласындағы шетелдік және қазақстандық әріптестер, іс-шараның демеушілері және қызметтердің әлеуетті тапсырыс берушілері, барлық форматтағы инвесторлар, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, сондай-ақ бизнестің, үкіметтік емес сектордың және масс-медиа мүдделі өкілдері.

Қатысушылардың жоспарланған саны - 400-ден астам адам.

Оқиға күні

12 қараша 2019

Өткізу орны

Нұр-Сұлтан қ.

Оқиға түрі

Форум

Кіру

Требуется регистрация