12-13 қазанда елордада жыл сайынғы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді

12-13 қазанда елордада жыл сайынғы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді

Осы жылы форумның басты тақырыбы - жасанды интеллект.

Digital Bridge 2023 — Орталық Азиядағы технологиялар мен инновациялар саласындағы ең ірі технологиялық іс-шара, онда сарапшылар мен сала өкілдері идеялармен алмасуға және цифрлық трансформацияда айтарлықтай прогреске қол жеткізу үшін жиналады.

"AI and Human: the right balance" тақырыбы аясында форум жасанды интеллект пен адамдар арасындағы қарым-қатынасты, сондай-ақ олардың арасындағы дұрыс тепе-теңдікке қол жеткізудің маңыздылығын зерттеуге арналған құнды платформаны ұсынады. Форумда панельдік сессиялар, технологиялық компаниялар көрмесі және IT-стартаптар аллеясын болады. Жыл сайын форумға 30 000 қатысушы жиналады.

Дәстүрлі түрде форумға халықаралық it-қоғамдастық көшбасшылары, технологиялар саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар, цифрлық әзірлемелер саласындағы мамандар, IT-компаниялар мен стартаптар, венчурлік инвесторлар, технологиялық кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысады.

Басталу уақыты

12 қазан 2023

Соңғы күні

13 қазан 2023

Оқиға түрі

Форум