Digital Bridge-2022 халықаралық технологиялық форумы


28-29 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайынғы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді.
Digital Bridge халықаралық форумы - жыл сайын Мемлекет басшысының қатысуымен өткізілетін IT саласындағы Қазақстандағы ең ірі іс-шаралардың бірі. Дәстүрлі түрде форумға халықаралық IT-қоғамдастығының көшбасшылары, технологиялар саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар, цифрлық әзірлемелер саласындағы кәсіпқойлар, IT-компаниялар мен стартаптар, венчурлық инвесторлар, технологиялық кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатысады.
Ұйымдастырушылар - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Astana hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысуымен.
Биылғы форумның тақырыбы - "Central Eurasia as a new tech platform" - "Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде қалыптасуда".
Форум бағдарламасымен толығырақ келесі ілтеме бойынша танысуға болады - https://digitalbridge.kz/programs/programs_kz.html.
28 қыркүйек 2022
29 қыркүйек 2022
Форум