Қазақстан машина жасаушыларының X форумы (2022)

Қазақстан машина жасаушыларының X форумы (2022)

2022 жылғы 21-23 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласында Конгресс-орталықта және EXPO халықаралық көрме орталығында Қазақстан машина жасаушыларының X форумы (бұдан әрі – Форум) және машина жасау мен металл өңдеу жөніндегі «Kazakhstan Machinery Fair 2022» екінші халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі – Көрме) өткізу жоспарлануда.

Форумды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар Одағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Форум тақырыбы: «Қазақстанның машина жасаушылары: уақыттың жаңа талабы».

22 қыркүйек

(Форумның 1-ші күні)

Алқа отырысы:

·         ҚР Үкіметі мүшелерінің қатысуымен пленарлық отырыстың ашылуы.

Панельдік пікірталастар:

·         Өнеркәсіптік саясат туралы қабылданған Заңды ескере отырып, машина жасауды дамытудың 2019 – 2024 жылдарға арналған Жол картасын (кешенді жоспарын) іске асыру;

·         Машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау;

·         Отандық машина жасау өнімдерін өндірушілерді дамыту ынталандырудағы «Самырұқ-Қазына» қорының рөлі

Конгресс-Орталық EXPO, негізгі зал.

22 қыркүйек

(Форумның 1-ші күні)

Панельдік сессиялар:

1. Мұнай-газ машина жасау;

2. Тау-кен металлургия кешені үшін машина жасау;

3. Темір жол машинасын жасау;

4. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау;

5. Автомобиль жасау;

6. Электротехникалық және электрондық машина жасау;

7. Жалпы машина жасау технологиясы;

8. Алматы қаласындағы машина жасаудың дамуы;

9. Машина жасаудың инновациялық дамуындағы жастардың рөлі;

10. Индустрия 4.0: өнеркәсіптегі цифрландыру және роботтандыру;

11. Локализация тұрғысынан Қазақстанның инвестициялық әлеуеті

Конгресс-Орталық EXPO, конференц-залдар.

21-23 қыркүйек

«Kazakhstan Machinery Fair 2022» Көрмесі

EXPO халықаралық көрме орталығы.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі тел. арқылы хабарласуға болады:

+7 (7172) 79-27-95 және эл. мекенжайы: info@smkz.kz

Көрмеге қатысу мәселелері бойынша келесі телефонға хабарласуға болады: +7(7172) 64 23 23 (211), байланысушы тұлға: Ерлан Исимов, эл. мекен-жайы: er@astana-expo.com

https://smkz.kz/registraciya/ - Форумға тіркелу

Сіздерді Форум мен Көрме қатысушыларының қатарынан көруге үміттенеміз.

Форум ұйымдастырушылары

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі  

Қазақстан машина жасаушылар Одағы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI

Қолдауымен

Басталу уақыты

21 қыркүйек 2022

Соңғы күні

23 қыркүйек 2022

Оқиға түрі

Форум