Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік монополия субъектісі – «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК қызметтеріне тарифтерінің деңгейін бекіту шеңберінде жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік монополия субъектісі – «Мемлекеттік радиожиілік қызметі» РМК (бұдан әрі – «МРҚ» РМК) келесі қызметтеріне тарифтерінің деңгейін бекіту шеңберінде жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды:
- ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, жұмыс істеуін, қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ету, оларға қол жеткізуді ұсыну;
- Қазақстан Республикасының орбиталық позицияларын халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыру;
- Қазақстан Республикасының радиожиіліктерінің ресурстарын (жердегі радиоқызмет) халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды техникалық қолдап отыру;
- радиоэлектрондық құралдардың электр магниттік үйлесімділігіне есептеу жүргізу;
- ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорын және абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды, жұмыс істеуін, қолдап отыруды және дамытуды қамтамасыз ету, оларға қол жеткізуді ұсыну;
- радиоэлектрондық құралдардың және радиожиілік тағайындаулардың тізілімін (деректер базасын) жүргізуді техникалық қамтамасыз ету.
Жария тыңдаулар 2022 жылы 8 тамызда сағат 12:00-де онлайн режимде өткізіледі.
Осыған байланысты, «МРҚ» РМК көрсетілетің қызметтерінің бағаларын талқылауға тұтынушыларды, монополияға қарсы органның өкілдерін және басқа да мүдделі тұлғаларды шақырамыз.
Жария тыңдауға қатысушының кандидатурасы туралы ұсыныстарды 2022 жылы 1 тамызға дейінгі мерзімде z.orysbaeva@mdai.gov.kz электрондық мекен-жайға жолдауыңызды сұраймыз.
20 шілде 2022
Видеоконференция