19 ақпанда Министрліктің кеңейтілген алқа отырысы өтеді


ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2019 жылғы жұмысының негізгі нәтижелері қандай?
2020 жылы: - байланыс;
- ғарыш;
- инновациялар;
- киберқауіпсіздік;
- геодезия және картография;
- цифрландыру және мемлекеттік қызметтер;
- электрондық өнеркәсіп салалары қалай дамиды?
Кеңейтілген алқа отырысында Министрлік басшылығы 2019 жылы атқарылған жұмысты қорытындылап, 2020 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы баяндайды.
Алқа отырысына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің қатысуы күтілуде. Сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, Министрліктің Қоғамдық кеңес мүшелері, ведомствоға бағынысты ұйымдардың өкілдері, салаға еңбегі сіңген қызметкерлер, саланың қоғамдық бірлестіктері, даму институттары және қауымдастық басшылары шақырылды.
19 ақпан 2020
«Astana IT University», ЕХРО аумағы, С-1 павильоны
Отырыс
БАҚ аккредитациясы: толтырылған үлгіні (қосымшада берілген) press@mdai.gov.kz мекенжайына 18.02.2020 ж. сағат 12:00-ге дейін жіберу қажет