Геопорталдың негізгі мақсаты жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаны басқару, жолдар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет және қала құрылысы, құрылыс, кәсіпкерлік, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, жер инспекциясы саласындағы ұйымдардың, мекемелердің, мемлекеттік органдардың жұмысында пайдалану үшін кеңістіктік және атрибуттық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұдан басқа, осы геопорталда жер ресурстарын пайдалану саласында бұзушылықтарды анықтау үшін жер қойнауын пайдаланушылар қызметінің мониторингі қолжетімді.
Батыс Қазақстан облысы
«KeyHorse» ЖШС
Отандық
Облыс
Геопорталды өнеркәсіптік пайдалануға электрондық үкімет компоненттерімен және орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік деректер қорларымен интеграциялық өзара іс-қимылды табысты жүргізгеннен кейін енгізу жоспарлануда.
Жергілікті бюджет
Әрбір жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ мемлекеттік орган облыстың барлық аумағы бойынша жер қатынастары саласында қажетті өзекті ақпаратты ала алатын геопортал қалыптасты. Әкімдіктердегі кезектерді азайтуға, мүдделі тұлғаларға қажетті ақпаратты онлайн режимінде тез алуға мүмкіндік береді, жер қатынастары саласындағы ақпарат әрбір адамға ашық болады.