ШҚО жергілікті атқарушы органдарының, Полиция департаментінің және Шығыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің басқарушылық шешімдерін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-талдау модельдерінің, ақпараттық жүйелердің және ақпаратты өңдеу мен көрсетудің бағдарламалық-техникалық құралдарының кешені
Шығыс Қазақстан облысы
"Волтрансервис" ЖШС
Отандық
Облыс
2019ж.
Жергілікті бюджет
223 жұмыс орны құрылды. Облыс әкімінің ахуалдық орталығы ағындарды қызметтің 11 саласы бойынша 3000 көрсеткішті, 62 кейсті, 20жүйеаралық интеграцияны бірыңғай талдау платформасына біріктіреді. Деректердің автоматтандырылған жинағы, есептілікті дайындау мен өңдеуге минималды шығындар алынды. Орталық базасында өтініштерді қабылдау бойынша 11 сервисті интеграциялаудың бірыңғай платформасы құрылды, жылдың басынан 45 мыңнан астам өтініш тіркелді. SMS-хабарлама арқылы кері байланыс үшін сапаны бағалау жүйесінің сервисі енгізілді. Фотобейнетіркеу және бейне талдау жүйесі жобасы аясында Өскемен қаласында "Сергек"АБК-нің 3 928 камерасы қосылды, бұзушылықтарды тіркеу 159 қиылыс пен желілік учаскелерде жүргізіледі. Жылдың басынан камералардың көмегімен 7 040 әкімшілік құқық бұзушылық пен 120 қылмыстық құқық бұзушылық ашылды. Қылмыс жасау қаладағы қоғамдық орындарда 34%, көшелерде 35%-ға төмендеді, жол-көлік оқиғалары 28%-ға төмендеді.