Меню

Страницы

Статья

Аэроғарыш өнеркәсібі

Қазақстанның аэроғарыш саласын бүгінде ғарышта топтастырылған отандық спутниктер, жердегі ғарыштық байланыс жүйесі, спутниктерді құрастырумен және Байқоңырда перспективалық жобаларды іске асырумен айналысатын кәсіпорындар құрайды.

Бүгінгі күні спутниктердің 3 тобы штаттық режимде жұмыс істейді (байланыс, ЖҚЗ және ғылыми-техникалық мақсаттағы).

KazSat (KazSat-2 және KazSat-3) ғарыштық байланыс жүйесі Қазақстанның спутниктік байланыс пен телехабар таратудағы қажеттілігін 100%-ға қанағаттандырады. Жүйе бүгінгі күні 74%-ға жүктелген. Орталық Азия елдеріне ғарыштық байланыс жүйесі қызметтерінің экспорты бойынша жұмыс жүргізілуде.

2024 жылы "KazSat-2" спутнигін жоспарлы ауыстыру үшін "KazSat-2R" спутнигін құру жоспарлануда.

Жерді қашықтықтан зондтаудың (ЖҚЗ) қос спутникті жүйесі (KazEOSat-1 және KazEOSat-2) елімізді қажетті ЖҚЗ деректерімен толық қамтамасыз етуде.  Осының арқасында қазіргі таңда Қазақстанның жер ресурстары 100% "цифрланған " және ауыл шаруашылығы, ТЖ, жер пайдалану және экология саласындағы салалық міндеттер шешімін табуда.

Келешекте қазақстандық спутниктердің оптикалық және радар аспаптарының кең спектрін пайдаланатын ЖҚЗ (THEIA, MAXAR және т.б.) нарығында әлемдік ойыншылардың қатарына енуі күтілуде. Бұл пайдалы қазбаларды цифрлау және мониторингілеу, атмосфера мен топырақты талдау дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді.

2018 жылдың желтоқсанында ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш жүйесінің (KazStSat және KazSciSat) екі спутнигі ұшырылды. Қазіргі уақытта тәжірибелік пайдалану сәтті өтуде. Бұл спутниктердің жобасын өз технологияларын жүзеге асыру және халықаралық нарыққа шығу құзыреттілігін арттыру мақсатында қазақстандық инженерлер жасаған болатын.

Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің (ҒА ҚСК) құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Өндірістік пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланған. Кешен 1 млрд. теңгеден астам сомаға алғашқы тапсырысын алды. KazSat–2R және ЖҚЗ спутниктік топтарының жобаларын іске асыру ҒА ҚСК жүктемесіне қарай жүзеге асырылады.

Қазақстанның "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы іс-әрекетін кеңейту үшін Ресеймен бірлесіп "Союз-5" зымыран тасығышының базасында "Бәйтерек"ғарыш зымыран кешенін құру жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, коммерциялық ұшуларды жүзеге асыру мақсатында "Союз-2" зымыран тасығышының базасында Ресеймен және БАӘ-мен бірлесіп "Гагарин стартын"жаңғырту жөніндегі инвестициялық жоба пысықталуда.

Дата публикации
26 июля 2019
Дата обновления
26 июля 2019
Тип

Сейчас читают

21 июля 2025
Өмірлік жағдайлар
Есеп
25 апреля 2025
2024 жылғы Шымкент қ. мобильді интернетті жүктеу жылдамдығын аспаптық өлшеу есептері
Есеп
25 апреля 2025
2024 жылғы Алматы қ. мобильді интернетті жүктеу жылдамдығын аспаптық өлшеу есептері

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы