Жиі қойылатын сұрақтар
ИҚБШ-ға қосылу үшін байланыс операторына өтініш білдіру қажет.
ИҚБШ жабдығында резервтелген байланыс арналары бар байланыс операторларының осы тізімін «МТҚ» АҚ ұйымдардың ресми сұрау салуы бойынша ұсынады.
Қазіргі уақытта ИҚБШ-ға өзінің халықаралық магистральдік байланыс арналары бар келесі байланыс операторлары қосылған:
- «Казахтелеком» АҚ;
- «Astel» АҚ;
- «KazTransCom» АҚ;
- «Транстелеком» АҚ;
- «TNS-plus» ЖШС;
- «SMARTNET» ЖШС;
- «КаР-Тел» ЖШС;
- «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС;
- «Казтелепорт» АҚ.
ИҚБШ – Интернетке және (немесе) Интернетке шыға алатын байланыс желілеріне қол жеткізу кезінде телекоммуникациялар желілерінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен.
ИҚБШ МО немесе ЖАО, АКИАМО иелерінің және өзге де ұйымдардың телекоммуникациялар желілерін қорғау үшін қажет.
Иә, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі заңнама талаптарына сәйкес мемлекеттік органдар ведомстволық электрондық поштаны пайдалануы тиіс
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 641-бабына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жаза ретінде ескерту немесе айыппұл көзделген.Толығырақ мұнда
Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы күзет және өрт сигнализациясы жүйелерімен жабдықталған үй-жайы, Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі мамандары, сондай-ақ іздеу құралдарының жиынтығы бар жеке және заңды тұлға бола алады. Толығырақ сілтеме бойынша
Сіз домендік атауларды тіркеушіге -қазақ желілік ақпарат орталығына (www.nic.kz) электрондық немесе қағаз түрінде тіркелетін домен туралы дұрыс және толық ақпараты бар, тиісті өтінімді жолдауыңыз қажет.
Жоқ, деректер қорының әрбір иесі (мемлекеттік органдар, квазигоссектор, мемлекеттік емес органдар және т.б.) өзінің қарауындағы деректердің сақталуына жауап береді. Бұл ретте, дербес деректері бар базаларды үшінші тұлғаларға беру (шарт және т.б. негізінде қызметтер көрсету үшін) егер үшінші тұлға осы дербес деректерді қорғау бойынша шаралар қабылдауға міндеттенген жағдайда ғана мүмкін болады. Осылайша, дербес деректерді жинау және өңдеу процесіне тартылатын барлық субъектілер тең жауапкершілікте болады.
Мұндай қоңыраулар мен хабарламаларды алмау үшін ақпараттық «тазалық» ұстану қажет. Яғни, өз деректеріңізді және телефон нөмірін көрсететін, қол қоятын барлық шарттармен мұқият танысуыңыз керек.Мүмкін сіз бұрын ұйым сіздің жеке ақпаратыңыздың таралуына жауапты емес, немесе өз қалауыңыз бойынша сіздің деректеріңізді үшінші тұлғаларға бере алады деп көрсетілген құжатқа қол қойдыңыз. Сақ болыңыз!
kib@mdai.gov.kz электрондық поштасына өтініш жазу арқылы немесе 8 (7172) 74-99-80 нөміріне қоңырау шалу арқылы Министрліктің Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгіне аласыз. Сіздің жағдайыңыз зерттеліп, тиісті шаралар қолданылатын болады.