Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан Республикасының аумағында нөмірлеу ресурсын бөлу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 67 бұйрығымен бекітілген «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады.

Қағидалардың 21-тармағына сәйкес, нөмірлер алу үшін көрсетілетін қызметті алушы www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мына құжаттарды жібереді:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нөмірлер бөлуге өтініш;

2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазба.

Порталда «Байланыс және БАҚ» бөлімі – Рұқсаттар