Жиі қойылатын сұрақтар
«Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 166-VII Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар ету арқылы жүзеге асырылады
Геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне жоспарланған жұмыс учаскелерінде жергілікті жердің геодезиялық және картографиялық тұрғыда зерттелгені туралы мәліметтер беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 130/НҚ бұйрығымен бекітілген лттық кеңістіктік деректер қорының мәліметтерін қалыптастыру, жинау, сақтау, пайдалану және беру қағидаларына сәйкес реттеледі.
Геодезиялық, картографиялық жұмыстарды жүргізу «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен хабардар ету арқылы жүзеге асырылады.
Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізу туралы хабарламаға:
1) геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін меншікті немесе жалға алынған салыстырып-тексерілген аспаптар, жабдықтар мен құралдар жиынтығының бар-жоғын растайтын құжаттың не зауыттық нөмірлері көрсетілген, салыстырып-тексерілген аспаптар, жабдықтар мен құралдар жиынтығы бар тұлғалармен жасалған геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында қызметтер көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
2) штаттағы маманның геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы дипломының көшірмесі қоса беріледі.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі № 36-V Заңымен «топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізуге лицензия беру» қысқартылып, хабарлама тәртібіне көшірілді, ол «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес реттеледі.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Кеңес Одағы кезінде жасалған 1980-90 жылдардағы карталар бар. Еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап республиканың барлық аумағы бойынша картографиялық және геодезиялық ақпараттар 2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 95%-ды құрайды. Елді 100 %-ға қамтамасыз ету 2025 жылға жоспарланған
Аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу үшін сілтеме бойынша өтіп, www.elicense.kz порталда өтінім беру қажет. Қызмет заңды, жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге тегін және қолжетімді.Қызмет көрсету мерзімі - өтініш берген күннен бастап 25 жұмыс күні. Өтініммен қатар талап етілетін құжаттардың толық пакетін жүктеу маңызды, әйтпесе қызмет көрсетуден бас тартылады. Егер сұрақтар туындаса, 8 (7172) 74-91-06 телефоны бойынша хабарласыңыз.